Воскресенье, 16 12 2018
Войти Регистрация

Login to your account

Username *
Password *
Remember Me

Create an account

Fields marked with an asterisk (*) are required.
Name *
Username *
Password *
Verify password *
Email *
Verify email *
Captcha *

Айман Ментебаева. Әдеби классика. Пушкин және Абай

Орыстың ұлы қаламгерлерінің бірі А.С.Пушкин әлем халықтарына танымал жарқын тұлға. Ол өзінің тамаша туындыларымен, жалпы адамзаттық таным-түсінігі негізінде кез-келген ұлт өкілінің ойындағысын айтып, көңіл түкпіріндегі пікірін жырмен жеткізіп отырғандай болады. Сол себепті де бұл ақынды орыс халқы ғана емес, әлемдік, жалпыадамзаттық ақын деу орынды болар.

Ғалым Ш.Сәтбаева А.С.Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы қандай бір себептермен қазақ елімен байланысқан тұстары болғандығын айтады. Сондай бір себептердің үлкені ақынның 1833 жылы «Пугачев тарихы» туындысына материал жинау мақсатында пугачевтік қозғалыс болған елді мекендерге сапар шегуі еді. Ақын Орынбор аймағында, Оралда болып, қазақ елінің тұрмыс-тіршілігімен етене танысқан. Сондай-ақ, Орынбордан Оралға дейінгі аралықта Пушкинге қазақ халқының өмірімен жақсы таныс, қазақтар жайлы шығарма жазған орыс жазушысы әрі тілшісі В.И.Даль жолсерік болған екен [1].

Пушкиннің орынборлық жолжазбалары мен күнделіктеріне көз жүгіртсек, оның қазақ елінің ауыз әдебиетіне деген үлкен қызығушылығын байқаймыз. Мұнда қазақтың көне лиро-эпикалық туындысы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жайлы жазба бар. Соған қарағанда ақын бұл жырды жыршылардың аузынан тыңдап, тарихына қанығып, қызыққандығынан, мүмкін қандай да бір шығармасына арқау етпекке қағазға түсіргенге ұқсайды. Осы сапарында жинаған материалдарының басым бөлігін ақын “Пугачев тарихы” шығармасына тірек еткен. Сол себепті қазақтардың Е.Пучагев бастаған қозғалысқа қандай қатысы барлығы туралы кейбір деректерді осы туындыдан табуға болады.

Бұл Пушкиннің қазақ топырағына аяғының алғаш тигені болса, мұнан көп кейін қазақтың көзі қарақты оқыған азаматтары оның туындыларын қазақ арасына кеңінен насихаттай бастады. Олар – алғашқы қазақ ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов, алғашқы қазақ педагогы Ыбырай Алтынсарин, қазақ реалистік әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев болды. Шығыс пен Батысты бірдей меңгерген қазақ зиялылары Пушкин сияқты данышпан ақынның дара туындыларын назардан тыс қалдырмай, туған елдің игілігіне жаратпақ мақсатта аударған. Осылардың ішінде Пушкинге  зор құрметпен қараған Абай еді. БұлжайлыМ.Әуезовөзеңбегіндебылайдейді: «Он обрел свет и счастье, когда тропа вывела его к “незарастающей народной тропе”, к “Памятнику” великого гения русского народа Александра Сергеевича Пушкина. И, пожалуй, первым из пришельцев к благородному памятнику был он, Абай. Он один из первых пришельцев даже всего Ближнего Востока» [2, 290 с.].

Абай мен Пушкиндіруханижақындастырған, халықкөңіліндебірқылғантуынды – «Евгений Онегин»шығармасы. Белинскийдіңтіліменайтсақ, бұлПушкинніңеңсырлы да нәзіктуындысы, фантазиясыныңеңсүйіктіперзенті, сондай-ақ, ақынныңтұлғалықсипатысоншалықтытолық, жарқын да айқынкөрінгеншығармасы. «Мұндаақынныңбүкілөмірі, жан-дүниесі, барлықмахаббатыберілген, барлықсезімі, ұғым-түсінігі, идеалдарықамтылған».

Ал енді осы туындыныңқазақжәнеорыстілдеріндегінұсқаларыарасындағыайырмашылық, дәлірекайтсақ, осы екітілдегінұсқаларыныңөзарабайланысыжайынсөзетсекдепедік.

ХәкімАбайдыңөмірі мен шығармашылығын жете меңгерген, АбайтануілімініңнегізінқалаушығалымМ.Әуезовбұлжайлыбылайдегенекен. «АбайдыңПушкинненаударғаныжалғыз “Евгений Онегин” болса Абай бұлшығарманы “Татьяна-Онегин” ғыпәкетеді. Пушкинде Татьяна мен Онегинніңбір-бір хаты бар, тағыауызекіжауаптасуы бар болса, Абай осы кездіңбарлығын да хат қыпалады. ОлтөртхаттыңішіндеПушкинненшынаударылғанжері – Татьянаныңалғашқы хаты – соданбасқаүшкездіңүшеуінде Абай Пушкинненаудармайды, соныңсағасыменөзінше, Пушкинненөзгешеөлеңдержазыпкетеді. Қыз бен жігіттіңарасын, мінез-құлықтарын да Абай Пушкинненбөлекетіп, опасызжігітетпей, үлгіліжігіт, биязықызетіпшығарады» [3, 97 б.].

Әуезовтіңтүсінігінше Абай «ТатьянаныңалғашқыхатыныңтұсындаөзініңПушкингежақсыаударушы бола алатындығынкөрсетсе де, аяғында “Евгений Онегиннің” аударушысыболмай, өзгертушісіболыпшығады». Яғни, мұнанұғатынымыз, ӘуезовАбайдың “Евгений Онегинін” аудармадепқабылдамаған. Оғандәлел, ӘуезовтіңорысақыныПушкинніңжүзжылдықмерейтойынаарналғандайындықжайынсөзеткенде, Абайдың “Евгений Онегин” шығармасынаудармадепқабылдауғаболмайды, оғантолықаудармажасаукерекдегенұсынысайтқанекен. БұлшығарманыңтолықмәтінінқазақтілінеІ.Жансүгіров пен Қ.Шаңғытбаеваударғанеді. М.Әуезов осы аудармаларғатоқталаотырып, ондағыжетістіктердіатапөтеді, соныменқатар, бұлекіақынаудармасындағыжалғызкемшілікдеп Пушкин дәуірініңтілініңсақталмағандығынайтады. Ал Абайдыңэпистолярлықроманыныңұтқанбіртұсы – орыстіліндегінұсқаныңтіліндәлберебілуі. «Абайдың Пушкин мен Лермонтовтанжасағанаудармаларыныңерекшезорқасиеті – әсіресеасылнұсқаныңөзтілінетеңтүсіпотыратынсөздігінде. Жаңағыақындардыаударғанда Абай жаңатүріздеп, өзіншесонытауып та алған. Шалысұйқасдегенұйқасты Татьяна хатынаударабастағандаПушкинненалып, сонықазақпоэзиясынаенгізді. Оланалардыңжолөлшеуін, өзіайтқандай, “уәзімін” де сақтаған. БірақсоныменқатарАбайдыңшынқуаты – бояуыайқын, қыры мен сыры тереңтілінде, сөздігіндежатыр»,– дейдіғалым [3, 181 б.]. 

Мұнанәрізерттеушіөзпікірін«Абай аударған “Евгений Онегин” – олшығарманыңөзіемес, Абайғакеректіболғантұқылығанаболыпшығады. Бұныңсебебі, Абайдыңбұлшығармағаөзіншебірөзгешемақсатпенкелуінентуған»,–депсабақтайды.

Шынмәнісінде де АбайдыңТатьянасы мен Онегиніарасындағыжай-күй де аяқкезіндеөзгеріпкетеді, бұлекікейіпкерарасындағыдиалогтарда да Пушкин кейіпкерлерініңсөздеріоқта-тектеғанакездеседі. Олардың ой-сезімдері де Абайша, қазақжастарыныңұғымыншашығады. Абай шығармасыныңмұншалықтыауажайылаөзгеріскеұшырауыныңбастысебебі – ақынбұлшығарманыжастарғаұсынғандаұстаздықмақсаттыкөздейді. Қазақжігітінеүлгіболарлықбейнежасапшығарғысыкеледі. Ақынныңбұлшығарманытолықаудармай, қазақелініңұғымынажақын, орысқоғамыныңішкіәлемінтанытаалатынтұстарынжеткізугетырысқандығынескерсек, еркінаударманыңозықүлгісіболғанбұлтуындыәрбірқазақтыңжүрегіненорынтеуіп, қазақжастарыныңсүйіктіжырынаайналуыныңбірсебебіосындажатқантәрізді.

ЗерттеушіД.А.Қонаевөзінің«Проблемы казахско-русских литературных связей в статьях и исследованиях М.Ауэзова»аттығылымимақаласындаорысмәдениетініңқазақелінеәсеріекісаладантұрадыдепатапкөрсетеді. Оныңбірі – Абай мен Пушкинненбасталатын, тарихиаспектідеқарастырылатынқазақ-орысәдебибайланыстарыекен [4, 247 б.]. Бұлмәліметтің де айтарыкөпекенідаусыз.

Осы себепті де ғалымСәтбаеваның Пушкин қазақжәнеорысәдебибайланыстарыныңбасындатұрғанкөрнектітұлғалардыңбірідегенпікіріорындыдепбілеміз.  

 

Әдебиеттер:

 

  1. Сатпаева Ш. Веяние времени. – Алматы: Ғылым, 2000.
  2. Ауэзов М.О. Абай Кунанбаев. – Алма-Ата, 1967.
  3. Әуезов М. 12 томдықшығармаларжинағы. Т. 11. – А.: Жазушы, 1969.
  4. МухтарАуэзов и современная литература. – Алма-Ата: Наука, 1989.
Прочитано 696 раз
Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии